---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/22/ghabidolla-aebdirahymov-maedeniet-zhaene-sport-vice-ministri-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болды

![Ғабидолла Әбдірахымов Мәдениет және спорт вице-министрі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2019081322183675763_an32xspc_hsfiuocquegyqrxl_.jpg)

**ҚР Үкіметінің қаулысымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқыды, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде тәлімгер-оқытушы болып бастаған.

1999-2008 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында түрлі лауазымдарды атқарды.

2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы.

2012-2013 жылдары — ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы.

2013-2015 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2015-2017 жылдары — Шымкент қаласының әкімі. 2017-2018 жылдары — «Нұр-Отан» партиясының хатшысы.

2018-2019 жылдары — Шымкент қаласының әкімі.

2019 жылғы қараша айынан қазірге дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2021-01-22T07:49:31+06:00

Жаңартылды: 2021-01-22T07:49:31+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/22/ghabidolla-aebdirahymov-maedeniet-zhaene-sport-vice-ministri-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.