---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/22/almatydaghy-modwldik-awrwhana-twraly-is-antikor-shw-shygharmawdy-surajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдағы модульдік аурухана туралы іс: Антикор шу шығармауды сұрайды

![Алматыдағы модульдік аурухана туралы іс: Антикор шу шығармауды сұрайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77252.jpeg)

**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыда жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқыру ісі бойынша БАҚ-та резонанс жасамауды сұрады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелген.

> — Тергеу барысында келтірілген нақты залалды анықтау үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментінің актілері міндетті түрде тексеру жүргізу үшін тіркеледі. Соманы және ақша жымқырудың болған-болмағанын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда расталмайды. Істі тоқтатуы да мүмкін, — деді Данияр Бегайдаров баспасөз мәслихатында.

Алматы қаласындағы СOVID-19 орталығы үшін салынған модульді аурухана туралы айтсақ. Іс Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне (ІМАД) тіркелді, қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысында бәрі анықталады. Ол туралы қосымша хабарлаймыз.

> — Сондықтан БАҚ-та резонанс тудырудың қажеті жоқ. Бұл ІМАД актісі бойынша тіркелген әдеттегі іс және ондай істер өте көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз, — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.

Бұған дейін Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізілетінін хабарлады.

---

Жарияланды: 2021-01-22T13:08:41+06:00

Жаңартылды: 2021-01-22T13:08:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/22/almatydaghy-modwldik-awrwhana-twraly-is-antikor-shw-shygharmawdy-surajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.