---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/21/zhuergizwshilerge-koelik-quzhattaryn-oezimen-alyp-zhuermew-baqyty-bujyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жүргізушілерге көлік құжаттарын өзімен алып жүрмеу бақыты бұйырады

![Жүргізушілерге көлік құжаттарын өзімен алып жүрмеу бақыты бұйырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2021012116225583183_2021012111035856785_1.jpg)

**Қазақстандағы көлік жүргізушілері алдағы уақытта жүргізуші куәлігі мен көліктің тіркеу туралы құжатын өзімен бірге алып жүру міндетінен құтылады,** **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.**

Сенат жол қозғалысы мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдады.

Заң жобасы қолданыстағы заңдардан Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігін өзімен бірге алып жүруді міндеттейтін норманы алып тастауды көздейді.

> — Енді полиция қызметкері тоқтатқан жағдайда жүргізуші тек жеке куәлігін ғана көрсете алады, жеке куәлік бойынша полиция қызметкері планшеттің көмегімен қалған құжаттарды өзі тексеретін болады, — деді депутат Нұрлан Бекназаров Сенаттың пленарлық отырысында.

Сонымен қатар, қолында жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігі жоқ болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік те жойылады.

> — Бұл өзгерістер мен толықтырулар өзге елде тіркелген көлік пен шетелдік жүргізушілерге жүрмейді, олар қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті, — деп қосты сенатор.

Заң жобасы бойынша енді жасы 10 жылдан асқан автобустарды алғашқы тіркеуге қоюға тыйым салынады. Бұл норма 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

> — Еліміздегі әрбір үшінші автобустың зауыттан шыққанына 20 жылдан асып кеткен. Бұл көрсеткіш жол-көлік апаттарының санын арттырып, азаматтар үшін ауыр салдарларға әкеп соғады, сол себепті жолаушы таситын автобустар паркін жаңарту қажеттігі туындап отыр, — деп түсіндірді Бекназаров.

Заң мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін ресми түрде күшіне енеді.

---

Жарияланды: 2021-01-21T11:07:11+06:00

Жаңартылды: 2021-01-21T11:07:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/21/zhuergizwshilerge-koelik-quzhattaryn-oezimen-alyp-zhuermew-baqyty-bujyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.