---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/21/zhambyldyq-policej-aejeldi-koeligimen-qaghyp-mert-qyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбылдық полицей әйелді көлігімен қағып, мерт қылды

![Жамбылдық полицей әйелді көлігімен қағып, мерт қылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/1561345641_news_b.jpeg)

**Жамбыл облысы Шу қаласында 25 жастағы полиция қызметкері көлігімен 48****жастағы****әйелді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды****Qazaqpress** **Liter****.****kz****-ке сілтеме жасап****.**

Апат Шу қаласындағы вокзал маңында болған. Полиция әйелдің жолды дұрыс емес жерден өтіп бара жатқанын айтты. Бірақ жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін өліммен аяқталғаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

>  «Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, барлық бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, сараптамалар кешені тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, 25 жастағы полицейдің ішімдік ішпегені және есірткі заттарын тұтынбағаны анықталды.

---

Жарияланды: 2021-01-21T04:37:33+06:00

Жаңартылды: 2021-01-21T04:37:33+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/21/zhambyldyq-policej-aejeldi-koeligimen-qaghyp-mert-qyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.