---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/21/vakcina-saldyrghan-qazaqstandyq-qajtys-boldy-ministrlik-habarlamagha-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды». Министрлік хабарламаға пікір білдірді

![«Вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды». Министрлік хабарламаға пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/6v1s30uvli97sbp8enkz_gn4r0twpagd707jddc7d.jpg)

**Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды деген хабарламаға пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Желіде тарап жатқан хабарламада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырып, кейін қайтыс болғаны айтылады.

> — Асқар Төңгеұлы бауырымыз вакцина салғаннан қайтыс болыпты! Вахтаға кетер алдында КВИ тестен өтіп және вакцина салдырған көп ұзамай қайтыс болған. Асқар бауырымыздың туғандарына қайғырып көңіл айтамын!, — делінген хабарламада.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осы хабарламаға пікір білдірді.

> — Биыл 19 қаңтарда 1978 жылғы ер адамның қан қысымы жоғарылап, салдарынан қайтыс болған. Ол ешқандай вакцинация алған жоқ, — деді ол.

Байтанаев бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина Маңғыстау облысына әкелінбегенін атап өтті. Вакцинаның бірінші партиясын аймаққа жеткізу 28-29 қаңтарға жоспарланған екен.

---

Жарияланды: 2021-01-21T11:11:55+06:00

Жаңартылды: 2021-01-21T11:11:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/21/vakcina-saldyrghan-qazaqstandyq-qajtys-boldy-ministrlik-habarlamagha-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.