---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/21/ulttyq-bankte-zhanga-komitet-quryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

![Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/14349745.jpg)

**Ұлттық Банкте ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды, деп хабарлайды Qazaqpress қаржы институтына сілтеме жасап.**

Банк мәліметінше, комитет Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылып отыр.

> — Бұл Комитет Ұлттық Банктің басқармасымен және Директорлар кеңесімен қоса жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерден тұратын үшінші орган болады.
> 
> 
> 
> 
> Ақша-кредит саясаты комитетінің құзыретіне базалық мөлшерлеме туралы шешімдер қабылдау, ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемені белгілеу және Ұлттық Банк Басқармасының айрықша құзыретіне кірмейтін ақша-кредит саясатының басқа мәселелері бойынша шешім қабылдау кіреді
> 
> 
> 
> 
> Орта мерзімді перспективада Комитет құрамына макроэкономика мен ақша-кредит саясатында мамандандырылған және мол тәжірибесі бар тәуелсіз мүшелер алынад, — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

---

Жарияланды: 2021-01-21T07:27:05+06:00

Жаңартылды: 2021-01-21T07:27:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/21/ulttyq-bankte-zhanga-komitet-quryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.