Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Кейінгі тәулікте қанша адамнан пневмония анықталды?

Қазақстанда өткен тәулікте 131 адам пневмонияға шалдыққан, деп хабарлайды Qazaqpress.

«Кеше коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 131 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 120 адам емделіп шықты», – делінген ведомствоның хабарламасында.

1 тамыздан барлығы: 47 115 адам ауырды, 547 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 34 925-ке жетті.