---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/20/pwtin-sarajy-navalnyjdyng-zerttewi-youtube-te-trend-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Путин сарайы». Навальныйдың зерттеуі YouTube-те тренд болды

![«Путин сарайы». Навальныйдың зерттеуі YouTube-те тренд болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/755945509445691.jpg)

**Коррупцияға қарсы күрес қоры Владимир Путиннің Геленджик қаласы жанындағы сарайы жайында материал жариялады****, деп хабарлайды****Qazaqpress Centralasian.org-****ке сілтеме жасап.**

Бұл зерттеу Коррупцияға қарсы күрес қорының негізін қалаған Алексей Навальный Германиядан Ресейге келгеннен кейін 30 тәулікке қамалған күні жарияланды.

Зерттеу жұмысы Навальный ұсталғанға дейін дайындалған. Бұл деректі фильм 2 сағатқа созылады, фильмді дайындауға Навальныйдың өзі қатысқан.

«Путин сарайы» Қара теңіздің Геленджик жағалауында 2005–2010 жылдары салынған. Бұл сарайдың президент үшін салынғанын 2010 жылы кәсіпкер Сергей Колесников мәлімдеген. Ол жоба құнын 1 млрд долларға бағалаған.

Коррупцияға қарсы күрес зерттеуінде сарайды қаржыландыру схемасы жан-жақты айтылған, сонымен бірге оның интерьері де көрсетілген.

> «Бұл Ресейдегі ең қорғалатын нысан. Былайша айтқанда, мемлекет ішіндегі мемлекет. Бұл Путиннің ең үлкен құпиясы. Нысанды жүздеген, тіптен мыңдаған адам күзетеді. Фильмде сарайдың құрылысын тарихтағы ең үлкен жемқорлық», — деп атайды.

---

Жарияланды: 2021-01-20T09:24:50+06:00

Жаңартылды: 2021-01-20T09:24:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Әлем](https://qazaqpress.kz/category/%d3%99lem/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/20/pwtin-sarajy-navalnyjdyng-zerttewi-youtube-te-trend-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.