---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/20/petropavl-policejleri-qala-turghynynan-granatagha-uqsas-zat-taerkiledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Петропавл полицейлері қала тұрғынынан гранатаға ұқсас зат тәркіледі

![Петропавл полицейлері қала тұрғынынан гранатаға ұқсас зат тәркіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2b7efe70-a498-44d6-a90e-5b5fce2aa69a.jpeg)

**Петропавл полицейлері қала тұрғынынан гранатаға ұқсас зат тәркіледі, деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Петропавл қаласының Полиция басқармасының Екінші полиция бөліміне қалалықтардан Жұмысшы кентінің 22 жастағы тұрғынында гранатаға ұқсас зат болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Ақпарат бойынша, ол аталған затпен көшеде жүрген. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жігіттен Ф-1 гранатасына ұқсас затты тәркіледі. Зат сараптамаға жіберілді.

> – Қала тұрғыны затты өз еркімен тапсырды, гранатаның муляжын танысы сыйлаған екен, – деді Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. – Нақты жауап сараптамадан кейін белгілі болады. Заңмен қарудың муляжын ұстауға тыйым салынбаған, алайда, оны қорқыту үшін пайдаланса, бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын арттыратын мән-жай болып табылады. Аталған заттардың иелері мұны естен шығармағандары жөн. Сондай-ақ, адамның әрекетінде қылмыс құрамы болмаған жағдайда, тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтан босатады.

---

Жарияланды: 2021-01-20T05:41:37+06:00

Жаңартылды: 2021-01-20T05:41:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/20/petropavl-policejleri-qala-turghynynan-granatagha-uqsas-zat-taerkiledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.