---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/20/medvedev-nazarbaevty-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Медведев Назарбаевты құттықтады

![Медведев Назарбаевты құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/rian_5684682.hr_.ru_.jpg)

**Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Единая Россия» бүкілресейлік саяси партиясының төрағасы, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды****Qazaqpress****Elbasy.****kz****-ке сілтеме жасап. **

Медведев Елбасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауындағы «Nur Otan» партиясының жеңісімен құттықтап, дауыс беру нәтижелері халықтың және елдің өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған партияның жалпыұлттық сенімі мен стратегиялық бағытына қолдау көрсетілетінін айғақтайтынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке жылы сөздері үшін алғыс айтып, Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарының рухы мен мазмұнына толық сай келетін «Nur Otan» және «Единая Россия» партиялары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Сондай-ақ, олар алдағы кезеңде екі елдің билеуші партиялары желісі бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және кеңейту туралы айтты.

---

Жарияланды: 2021-01-20T04:32:04+06:00

Жаңартылды: 2021-01-20T04:32:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/20/medvedev-nazarbaevty-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.