---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/20/elorda-policejleri-koepirden-sekirip-oelmek-bolghan-zhigitti-qutqaryp-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елорда полицейлері көпірден секіріп өлмек болған жігітті құтқарып қалды

![Елорда полицейлері көпірден секіріп өлмек болған жігітті құтқарып қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210120162220444e.jpg)

**Нұр-Сұлтан полицейлері көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа** **сілтеме жасап.**

Кеше кешкі 19:15 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының Жедел басқару орталығына көлікке жанармай құю стансасының қасындағы көпірден ер адамның секіруге әрекеттеніп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Патрульдік полицияның екі экипажы оқиға орнына үш минутта келіп жетті.

Жас жігіт көпір таянышын ұстап, темір жолға секіруге дайындалып тұрды. Жағдайды бағалаған полицейлер жігітпен алыстан сөйлесіп, көңілін басқаға аудармақ болды.

Осы уақытта патрульдік полиция қызметкері Жандос Тұрашев оңтайлы сәтті пайдаланып, жігітке жақынырақ келіп, оны қатты қапсырып ұстап алды.

Жас жігіт қарсылық танытып, бастаған ісін аяқтамақ болған. Полицейлердің жедел әрі ретке келтірілген іс-әрекетінің арқасында ер адамның өмірі аман қалды.

Елорданың 26 жастағы тұрғыны қалалық ауруханаға жеткізілді, мұнда оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

<https://youtu.be/glbY3i_c0hw>

** **

---

Жарияланды: 2021-01-20T13:23:09+06:00

Жаңартылды: 2021-01-20T13:23:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/20/elorda-policejleri-koepirden-sekirip-oelmek-bolghan-zhigitti-qutqaryp-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.