Қазақстанда 19 санитарлық бекет қойылды

Қазақстанда 19 санитарлық бекет қойылды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша 19 санитарлық бекет қойылғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

— Ішкі істер министрлігі карантин және шектеу шараларын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Бас санитар дәрігерлердің қаулысына сәйкес, еліміз бойынша 15 санитарлық (Алматы облысы – 9, Қостанай облысы – 4 және Ақтөбе облысы – 2) және 4 блокбекет (Атырау облысы– 4) қойылған.

Карантин іс-шараларына 10 мыңнан аса  полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылды.
290 карантин нысаны бақылауда, — деді Тұрғымбаев Үкімет отырысында.