---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/19/elbasy-aelimghazy-rajymbekovtyng-otbasyna-koengil-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елбасы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

![Елбасы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/a2f9e357fcae0733ff0d64014388e804_xl.jpg)

**Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден озуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты**, **деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. **

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды.

> — Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді, — делінген жазбада.

«Тақиялы періште» және басқа да көптеген фильмдерде басты рөлді ойнаған кеңестік және қазақстандық актер Әлімғазы Райымбеков 86 жасына қараған шағында коронавирустан көз жұмды.

---

Жарияланды: 2021-01-19T10:56:03+06:00

Жаңартылды: 2021-01-19T10:58:16+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/19/elbasy-aelimghazy-rajymbekovtyng-otbasyna-koengil-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.