---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/19/almatyda-zhol-apatynan-eki-kishkentaj-bala-zharaqat-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды

![Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210118200829539a3742483i.jpg)

**Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алған, деп хабарлайды****Qazaqpress** **ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

Жол апаты түнде болды. ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Б.Момышұлы көшесімен оңтүстікке бағыт алған Toyota Camry жүргізушісі Универсиада көшесімен қиылыста солға бұрылмақ болған. Сол кезде Mercedes-Benz көлігіне соғылған.

> «Бұл жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алатау аудандық ПБ қарап жатыр», — қалалық ПД анықтау бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов.

Жол апатынан жарақат алған 1 және 3 жасар балалар ауруханаға жеткізілді.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, балалардың жағдайы қалыпты.

---

Жарияланды: 2021-01-18T20:34:52+06:00

Жаңартылды: 2021-01-18T20:34:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/19/almatyda-zhol-apatynan-eki-kishkentaj-bala-zharaqat-aldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.