---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/19/almatyda-bir-mynggha-zhwyq-zhuergizwshige-ajyppul-salyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда бір мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынды

![Алматыда бір мыңға жуық жүргізушіге айыппұл салынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210118184803836a3742423i.jpg)

**Алматы қаласында былтыр 997 жүргізушіге мүгедекке арналған орындарға көлігін қойғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері көлікті тұраққа, атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жерге қоюды (ережесін бұзу) анықтау бойынша рейд өткізді.

> «Мұндай бейқам жүргізушілер өте көп болып шықты. Әркімнің әр түрлі сылтауы бар, кейбіреуі бұл белгіні көрмеген, ал басқалары бес минутқа қойған. Жауапкершіліктен жалтару үшін адамдар түрлі қулыққа баруға дайын. Сонымен қатар, көлікте «мүгедек» деген белгінің болуы мүмкіндігі шектеулі адамның көлік жүргізіп отырғанына кепілдік бола алмайтынын ескеру қажет. Тағы да ескерте кететін жайт, мүмкіндігі шектеулі жандар ғана көлігін арнайы белгіленген жерлерге қоюға құқылы», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

---

Жарияланды: 2021-01-19T04:48:35+06:00

Жаңартылды: 2021-01-19T04:48:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/19/almatyda-bir-mynggha-zhwyq-zhuergizwshige-ajyppul-salyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.