---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/18/qostanaj-oblysynda-turghyn-uej-oertenip-bir-adam-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды

![Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/7dda38691323650fc580385516351e94_xl.jpg)

**Қостанай облысының Қарабалық ауылында жер үй өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Қостанай облысының ТЖД Қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасап.**

Оқиға Қарабалық ауылының Титов көшесіндеге үйде болған. Аудандық № 11 өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түскен.

Көршілерінің хабарлауынша, 1953 жылы туған зейнеткердің үйінен өрт шыққан.

> «Пештің жанындағы үй заттары өртенген, бастапқыда 8 шаршы метр аумақта төбе тақтайшалары жанған, өрт ошағы тез таралып, үйдің екінші жартысына таралу қаупі төнді. Сондықтан өрт сөндірушілер отты мейлінше тез ауыздықтауға екі әдісті пайдаланды. Бірінші топ тікелей өрт ошағын сөндірсе, екіншісі үй маңындағы құрылыс нысандарындағы жалынды ауыздықтады. Үй иесінің 1974 жылы туған ұлы өрт тараған бөлмеде қалып қойған. Оның екінші топтағы мүгедектігі бар екені анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Алайда ол орталық аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды», — делінген ведомствоның ақпаратында.

---

Жарияланды: 2021-01-18T06:55:26+06:00

Жаңартылды: 2021-01-18T06:55:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/18/qostanaj-oblysynda-turghyn-uej-oertenip-bir-adam-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.