---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/18/nur-sultanda-karantin-kezinde-qyz-uzatyp-twghan-kuen-tojlaghandar-anyqtaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда карантин кезінде қыз ұзатып, туған күн тойлағандар анықталды

![Нұр-Сұлтанда карантин кезінде қыз ұзатып, туған күн тойлағандар анықталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210118173953275e.jpg)

**Әкімдік, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы өкілдері мен полицейлерден құралған мобильді топ өткен тәулікте 139 кәсіпкерлік мекемені тексерді, деп хабарлайды** **Qazaqpress** **ҚазАқпаратқа сілтеме жасап****.**

Тексеру барысында карантин тәртібін бұзған 7 объекті анықталды. Оның ішінде дүкендер, кафе-барлар мен спа салон бар.

Сондай-ақ Тұран көшесінде «Қыз ұзату» және 50 жас мерейтой тойланып жатқан. Екі мерекелік іс-шарада да қонақтар карантин ережесін және әлеуметтік қашықтықты сақтамаған. Мобильдік топ тексерген кезде ұзату тойға қатысушылардың бәрі ортада билеп жүрген және қонаққа келгендердің ішінде жас балалар мен қарияларға дейін болған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБтК 425-бабына сай әкімшілік жауапқа тарту үшін Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жіберілді.

<https://youtu.be/Xs3cnjbceRs>

---

Жарияланды: 2021-01-18T13:26:46+06:00

Жаңартылды: 2021-01-18T13:27:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/18/nur-sultanda-karantin-kezinde-qyz-uzatyp-twghan-kuen-tojlaghandar-anyqtaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.