---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/18/almaty-oblysyndaghy-22-zhastaghy-zhigitting-oelimi-policiya-basshysy-zhumystan-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысындағы 22 жастағы жігіттің өлімі. Полиция басшысы жұмыстан босатылды

![Алматы облысындағы 22 жастағы жігіттің өлімі. Полиция басшысы жұмыстан босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77033.png)

**Алматы облысында 22 жастағы жігіт қайтыс болғаннан кейін полиция басшысы жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Ведомство мәліметінше, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

> — Қылмыстық іспен бір мезгілде суицид дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде қызметтік беделдің түсуі анықталды.
> 
> 
> 
> 
> Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша бұрын өз еркімен жұмыстан босату туралы рапорт берген төрт полиция қызметкері бүгінгі күні теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Ақсу аудандық полиция басшысы  қызметінен босатылды, — деді полицейлер.

Еске салайық, 22 жастағы жігіт 2020 жылдың соңында өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ол полицеймен карта ойнап, одан ұтылып қалған.

---

Жарияланды: 2021-01-18T09:20:51+06:00

Жаңартылды: 2021-01-18T09:21:37+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/18/almaty-oblysyndaghy-22-zhastaghy-zhigitting-oelimi-policiya-basshysy-zhumystan-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.