---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/18/almaty-aekimdigi-sapar-nurashevtyng-ustalghany-twraly-aqparat-shyndyqqa-zhanaspajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы әкімдігі: Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

![Алматы әкімдігі: Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77031.jpeg)

**Алматы қалалық жайлы орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Мұндай хабарламаны қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратты.

> — Әлеуметтік желілерде және сайттарда Алматы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Нұрашев жұмыс орнында отыр. Қала әкімдігі қажет ақпаратты және тергеуге дейінгі тексеріске қатысты түсінік беруге дайын, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Антикор жарты сағат бұрын Сапар Нұрашевтың ұсталғаны туралы хабарлаған еді.

БАҚ мәліметінше, шенеунік қаладағы модульді инфекциялық аурухананың құрылысына бөлінген миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

---

Жарияланды: 2021-01-18T09:04:44+06:00

Жаңартылды: 2021-01-18T09:04:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/18/almaty-aekimdigi-sapar-nurashevtyng-ustalghany-twraly-aqparat-shyndyqqa-zhanaspajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.