---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/17/elordada-zhoghalghan-zhasoespirim-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елордада жоғалған жасөспірім табылды

![Елордада жоғалған жасөспірім табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210117115119a3742035d.jpg)

**Елордада кеше жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

Жасөспірімнің жоғалып кеткендегіні кеше волонтерлер Instagram-парақшаларында жария еткен болатын.

> «Барынша таратыңыздаршы. Сіздің таратқан ақпаратыңыз адамды тауып, біреудің өмірін құтқарып қалуға септігін тигізуі мүмкін. Егер қандай да бір мәліметтеріңіз болса, онда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды өтінеміз. Сонымен қатар сіз іздеу іс-шараларына, ақпаратты таратуға қатыса аласыздар», — деп өтінген еді жасөспірімді іздеуге кіріскен волонтерлер.

Бүгін жасөспірімнің табылғаны белгілі болды. Бұл жайында ақпаратпен волонтерлер бөлісіп, баланы іздеуге атсалысқан барлық жанға ризашылықтарын білдіреді. Жарияланған фотода «Табылды. Дін аман» деген қысқаға ғана жазба бар. Баланың қайда болғаны жайлы егжей-тегжейлі еш ақпарат жоқ.

---

Жарияланды: 2021-01-17T07:12:59+06:00

Жаңартылды: 2021-01-17T07:12:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/17/elordada-zhoghalghan-zhasoespirim-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.