---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/16/zhambyl-oblysynda-esirtki-zattaryn-saqtady-degen-kuedikpen-eki-adam-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жамбыл облысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі адам ұсталды

![Жамбыл облысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі адам ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/b3037a18-c681-4786-b6d8-c01abce9e8dc.jpeg)

**Жамбыл облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі азаматты ұстады деп хабарлайды****Qazaqpress****Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері ерекше режимдегі түзеу мекемесіне жақын жерде (10 метрге жуық) есірткі заттарын сақтады деген күдікпен екі азаматты құрықтады.

Ұсталғандарды тінту кезінде И. есімді азаматтың күртешесінің оң қалтасынан ақ түсті ұнтақ тәрізді полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді. Ал екінші О есімді азаматшаның рюкзактарынан 21 дана полиэтилен түйіншектер табылып, олардың ішінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат бар екендігі анықталды.

Ұсталғандардың айтуынша, полиэтилен пакеттеріндегі зат «жылдамдық» синтетикалық есірткі заты болып табылады.

Аталған оқиға бойынша Тараз қалалық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылып, қазіргі таңда тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.

---

Жарияланды: 2021-01-16T10:02:58+06:00

Жаңартылды: 2021-01-16T10:02:58+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/16/zhambyl-oblysynda-esirtki-zattaryn-saqtady-degen-kuedikpen-eki-adam-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.