---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/16/qaraghandy-oblysynda-kiik-muejizderimen-brakonerler-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағанды облысында киік мүйіздерімен браконьерлер ұсталды

![Қарағанды облысында киік мүйіздерімен браконьерлер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210116122947936e.jpg)

**Қарағанды облысында киіктерді атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

> «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары Нұра ауданының Щербаковский кентіндегі Охотзоопром инспекторларымен және аумақтық инспекциясымен бірге түнгі рейд өткізіп, браконьерлерді құрықтады. Көлікте үш киіктің басы және терісі болды. Жануарларды аулаған аңшылардың бірі кінәсін мойындады», — делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында.

Мәлім етілгендей, браконьерлерді ақбөкендердің тіршілік ету ортасына мониторинг жасап жүрген Қарағанды орман шаруашылығының жедел тобы байқап қалған. Инспекторлар Нұра ауданына жануарларға жем беріп, азықтандыру үшін барған.

Қазір ақбөкендердің текелері күйлеуге байланысты әлсіреген кезең. Мамандардың айтуынша, көптеген браконьер жануарлардың сол жағдайын пайдаланып, атып алады.

Киіктерді заңсыз аулағаны үшін 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске саламыз.

---

Жарияланды: 2021-01-16T13:51:56+06:00

Жаңартылды: 2021-01-16T13:51:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/16/qaraghandy-oblysynda-kiik-muejizderimen-brakonerler-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.