---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/16/elordada-bassejnnen-21-zhastaghy-qyzdyng-muerdesi-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мүрдесі табылды

![Елордада бассейннен 21 жастағы қыздың мүрдесі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_76981.jpeg)

**Елордадағы спорт кешендері бірінің бассейнінде 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Осы жылдың 16 қаңтарында сағат 10-18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінде қыз мүрдесі табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы ақпаратты растады», — деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған спорт кешені жаттықтырушысының бассейнде қыздың қозғалыссыз жатқанын байқағаны анықталып отыр. Жаттықтырушы қызды судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне масаж жасаған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері 21 жастағы қыздың қайтыс болғанын анықтаған.

> «Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы 4 адам болған. Қаза болған қыз бассейнге бірреттік абонемент сатып алып келген. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр», — деді ведомстводан.

---

Жарияланды: 2021-01-16T09:58:12+06:00

Жаңартылды: 2021-01-16T09:58:12+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/16/elordada-bassejnnen-21-zhastaghy-qyzdyng-muerdesi-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.