---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/16/almatyda-qi-trade-kazakhstan-qarzhylyq-piramidasynyng-eki-direktory-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда «QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды

![Алматыда «QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/190729190152909e.jpg)

**«QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды, деп****хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz****-ке сілтеме жасап.**

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының хабарлауынша, «QI-Trade Kazakhstan» ЖШС-нің екі директоры – 1990 жылы туған С. есімді азамат, 1994 жылы туған Б. азамат ұсталды. Бүгінде олар Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

> «Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша квалификацияланған. Бір күн бұрын сот «қамауға алу» түріндегі алдын алу шарасын санкциялады. Сонымен қатар, ЖШС-нің бас директоры – 1994 жылы туған С.азамат халықаралық іздеуге салынғанын еске саламыз. Қазіргі уақытта оның тұрған жері мен ұсталуын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешені жүргізілуде. Компанияның ағымдағы шоттарына шектеулер қойылды.
> 
> 
> 
> 
> Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жәбірленушілер мен осы ЖШС-нің басқа қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне сотқа дейінгі тергеу органы заңды баға береді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.

---

Жарияланды: 2021-01-16T08:18:59+06:00

Жаңартылды: 2021-01-16T08:18:59+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/16/almatyda-qi-trade-kazakhstan-qarzhylyq-piramidasynyng-eki-direktory-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.