---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/15/shqo-policejleri-zangsyz-awlanghan-zharty-tonnadan-astam-balyqty-taerkiledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО полицейлері заңсыз ауланған жарты тоннадан астам балықты тәркіледі

![ШҚО полицейлері заңсыз ауланған жарты тоннадан астам балықты тәркіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210115155709093a3741581i.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тиісті құжатсыз балық тасымалдаған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 қаңтарда сағат 01.10 шамасында тәртіп сақшылары «Өскемен-Самар» тасжолының 60-шақырымында «ГАЗ» автокөлігін тоқтатқан.

> «Тексеру кезінде 30 жастағы жүргізушінің Самар ауылынан Өскеменге қарай келе жатқаны белгілі болды. Көлікте ол 565 келі балықты құжатсыз тасымалдаған. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижелері бойынша шара қабылданады», — деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар «Өскемен-Алматы» тасжолын патрульдеу кезінде полицейлер «Fiat Ducato» көлігін тоқтатқан. Көліктің жүк салғышынан 40 қапқа салынған ешқандай құжаты жоқ балық табылды. Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны балықты Өскеменнен тасымалдап бара жатқанын жеткізген. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

---

Жарияланды: 2021-01-15T10:18:35+06:00

Жаңартылды: 2021-01-15T10:18:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/15/shqo-policejleri-zangsyz-awlanghan-zharty-tonnadan-astam-balyqty-taerkiledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.