---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/15/maezhilistegi-komitetterding-basshylary-sajlandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мәжілістегі комитеттердің басшылары сайланды

![Мәжілістегі комитеттердің басшылары сайланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2021011112490230442_2021011112423525562_foto.jpg)

**15 қаңтарда екі комитеттің, яғни «Аграрлық мәселелер комитеті» мен Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағалары оппозициялық фракциядан ұсынылды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

Ал қалған бес комитетке Nur Otan фракциясынан түскен депуттатар арасынан басшы таңдалып, сайланды.

Сонымен Аграрлық мәселелер комитетіне «Ақ жол» партиясының өкілі Ерлан Барлыбаев, Экология мәселелелері және табиғатты пайдалану комитетіне Қазақстан халық партиясының өкілі Александр Милютин сайланды.

Қалған бесеуі — Nur Otan фракциясынан:

Әлеуметтік мәдени даму комитеті — Жәмилә Нұрманбетова,

Заңнама және сот құқықтық реформа комитеті — Қанат Мусин,

Қаржы және бюджет комитеті — Марат Құсайынов,

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті — Айгүл Құспан,

Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті — Алберт Рау төрағалық етеді.

Сондай-ақ жиында комитет мүшелері және электрондық жүйенің қолданылауын бақылау жөніндегі уақытша комиссия мүшелері де сайланды.

---

Жарияланды: 2021-01-15T10:13:43+06:00

Жаңартылды: 2021-01-15T10:13:43+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/15/maezhilistegi-komitetterding-basshylary-sajlandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.