---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/15/asqar-mamin-qazaqstannyng-premer-ministri-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды

![Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/16pm.jpg)

**Премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы мақұлданды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап.**

10 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі керегін айтқан болатын.

Мәжілісмендердің көпшілігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады.

> «Қатысып отырған 99 депутат, жақтағандар 78, қалыс қалғандар 21», — деп оқыды дауыс беру нәтижесін Нұрлан Нығматулин.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді құттықтады.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туған. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.

2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды.

---

Жарияланды: 2021-01-15T12:43:43+06:00

Жаңартылды: 2021-01-15T12:43:43+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/15/asqar-mamin-qazaqstannyng-premer-ministri-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.