---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/14/kreshhenie-merekesinde-shomylwgha-ruqsat-berile-me/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Крещение мерекесінде шомылуға рұқсат беріле ме?

![Крещение мерекесінде шомылуға рұқсат беріле ме?](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2018011612271522851_supercoolpics_03_21012013100824.jpg)

**ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов православ дініндегі Крещение мерекесін өткізуге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап****.**

> «Әзірге жекелеген өңірлерде жергілікті санитарлық қызметтердің шешімімен шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Бірақ жалпы республика бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты жерлерде бұл шараларға тыйым салынбаған», — деп жауап берді Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына Крещениедегі суға түсу орындарын тиісті түрде әзірлеу туралы хаттар жіберілген.

> «Әрине мұнда да, шара қатысушылары әлеуметтік қашықтық, жеке қауіпсіздік сынды талаптарды сақтауы тиіс», — деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.

---

Жарияланды: 2021-01-14T03:33:50+06:00

Жаңартылды: 2021-01-14T03:33:50+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/14/kreshhenie-merekesinde-shomylwgha-ruqsat-berile-me/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.