---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/14/antikor-basshysy-sq-farmaciyanyng-eks-basshysynyng-isi-twraly-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Антикор басшысы «СҚ-Фармацияның» экс-басшысының ісі туралы айтты

![Антикор басшысы «СҚ-Фармацияның» экс-басшысының ісі туралы айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2020081418464880307_5671c3c7047948180bbdf6ffd0980214_xl.jpg)

**Антикоррупция қызметінің басшысы Алик Шпекбаев «СҚ-Фармацияның» экс-басшысы Берік Шәріптің ісі туралы айтты, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

> «Алдағы уақытта іс сотқа жіберіледі. Тергеу аяқталды, іс материалдарымен танысу жұмыстары жүріп жатыр. Оған қандай жаза тағайындалатынын сот шешеді. Адвокаттар да сұрақтарын қойып жатыр. Бап бойынша: қызметін теріс пайдалану болды, қазір — қызметіне немқұрайды қарау. Өзгерді», — деді Шпекбаев Нұр-Сұлтанда «Астана — адалдық алаңы» жобасы аясында өткен журналистермен кездесуде.

Еске салайық, 2020 жылдың 10 шілдесінде «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп қызметінен босатылған болатын. Ол «СК-Фармация» басқармасының төрағасы қызметіне былтыр 21 сәуірде келген.

Артынша 14 тамызда басқарманың бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды. Ол екі ай бойы қамауда болды.

---

Жарияланды: 2021-01-14T13:23:12+06:00

Жаңартылды: 2021-01-14T13:23:12+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/14/antikor-basshysy-sq-farmaciyanyng-eks-basshysynyng-isi-twraly-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.