---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/14/almatyda-ueshinshi-temirzhol-vokzaly-salynwy-muemkin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін

![Алматыда үшінші теміржол вокзалы салынуы мүмкін](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_76887.jpeg)

**Алматы маңында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр****, деп хабарлайды****Qazaqpress Krisha.kz****-ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы Алматының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев айтты.

Оның айтуынша, Алматы-3 вокзалының құрылысын бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы ұсынған болатын. Бұл ұлттық компания үшін қосымша станция жүк ағынын түсіру үшін қажет.

> «Сондай-ақ, бұл жолаушылар тасымалы үшін де маңызды. Сондықтан Саин көшесі өтіп жатқан Боралдай аумағында магистралды жолдар салуды және қаладан батыс бағытта Алматы-3 вокзалын салуды ұсынамыз. Онда Станция бар, тек вокзал салу керек. Осылайша бүкіл батыс аумақтар қамтылады. Алатау, Наурызбай аудандарының тұрғындары қалаға Алматы-2-ге кірмей-ақ келе алады. Осылайша, біз негізгі вокзалдың жүктемесін азайтамыз», — деді Сатыбалдиев.

Сатыбалдиев Алматыдағы теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым екенін айтты. Ол торапқа Алматы-1 және Алматы-2 станцияларын қоса алғанда, тоғыз станция кіреді.

---

Жарияланды: 2021-01-14T17:27:30+06:00

Жаңартылды: 2021-01-14T17:27:30+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/14/almatyda-ueshinshi-temirzhol-vokzaly-salynwy-muemkin/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.