---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/nursultan-nazarbaev-syrtqy-ister-ministri-muhtar-tilewberdini-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

![Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_348405.jpeg)

**Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады**, **деп хабарлайды ****Qazaqpress Елбасы сайтына сілтеме жасап.**

Кездесуде осы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Құрметті Төрағасы болып саналатын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулерінің алдағы уақытта өтетін жиындарына ерекше мән берілді.

Елбасыға одақтас және стратегиялық серіктес елдердегі жағдай, Қазақстанның Еуразия экономикалық одағына төрағалық ету кезеңінде атқарылатын жұмыстың негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынылды.

---

Жарияланды: 2021-01-13T03:31:56+06:00

Жаңартылды: 2021-01-13T03:31:56+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/nursultan-nazarbaev-syrtqy-ister-ministri-muhtar-tilewberdini-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.