---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/nur-sultanda-aejel-qudyqqa-qulap-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа құлап кетті

![Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа құлап кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/210113183552454e.jpg)

**Нұр-Сұлтанда әйел адам құдыққа құлап кетті, деп хабарлайды** **Qazaqpress**** ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 13 қаңтар күні астаналық ТЖД Қабанбай батыр көшесі бойында әйелдің құдыққа түсіп кеткендігі хабарлама келіп түскен. Жайсыз хабар жетісімен құтқарушылар оқиға орнына шыққан. Жеке құрамнан 9 адам және 2 техника оқиға болған жерге келіп, жедел түрде құтқару операциясына кірісті.

> «Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің арқасында әйел адам құдықтан аман-есен шығарылып, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бұдан соң ол 1 көп салалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі кезде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, үйіне жіберілді», — делінген хабарламада.
> 
> 
> 
> 
> <https://youtu.be/sW-TTQh9I08>

---

Жарияланды: 2021-01-13T12:57:28+06:00

Жаңартылды: 2021-01-13T12:57:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/nur-sultanda-aejel-qudyqqa-qulap-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.