---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/bas-sanitarlyq-daeriger-elimizdegi-epidemiologiyalyq-zhaghdaj-nasharlap-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бас санитарлық дәрігер: «Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады»

![Бас санитарлық дәрігер: «Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады»](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2021011317105460439_2021011316515372485_426b793824db2c076fce.jpg)

**Вице-министр, еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанын мәлімдеді**, **деп хабарлайды****Qazaqpress Zakon.kz****-ке сілтеме жасап.**

Ол қазір 5 732 науқас ауруханаларда, ал 357 адам жан сақтау бөлімінде жатқанын атап өтті.

> «Соңғы айда біздің еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын көріп отырмыз. Қазақстан «жасыл» аймақтан «сарыға» өтті. Қостанай және Ақмола сынды екі облыс «сары» аймақтан «қызылға» өтті. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, СҚО, Павлодар және Атырау облыстары – «сары» аймақта. Қаңтарда Батыс Қазақстан облысы «жасылдан» «сары» аймаққа ойысты. Қалған облыстар «жасыл» аймақта болып саналады, — деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов.

 

---

Жарияланды: 2021-01-13T11:20:03+06:00

Жаңартылды: 2021-01-13T11:20:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/bas-sanitarlyq-daeriger-elimizdegi-epidemiologiyalyq-zhaghdaj-nasharlap-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.