---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/almatyda-qalyng-qardan-70-zhol-koelik-apaty-tirkeldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда қалың қардан 70 жол-көлік апаты тіркелді

![Алматыда қалың қардан 70 жол-көлік апаты тіркелді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/1561345641_news_b.jpeg)

**Ауа-райының нашарлауына байланысты Алматы қаласының полиция департаменті жол ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады, деп хабарлайды Qazaqpress Zakon.kz-ке сілтеме жасап. **

> — Түнгі сағат үштен бастап мегаполисте 70-тен астам жол-көлік оқиғасы болды, оның 6-сында адамдар зардап шекті. Қардың қалың жауғаны қаладағы жол жағдайын едәуір қиындататыны анық: кептелістер болып, көлік жүрісі қиындайды. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұған көбінесе жол қозғалысы қатысушылардың төмен тәртібі себеп болады: кей жүргізушілер жылдамдықты азайтпайды, апатты жағдай туғызады, қауіпті маневр жасайды, бір-біріне жол бермейді, ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтеді. Бұл факторлардың бәрі жалпы жол жағдайына кері әсер етеді, — деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Полиция сонымен қатар жол қателікті кешірмейтінін еске салды.

---

Жарияланды: 2021-01-13T08:24:52+06:00

Жаңартылды: 2021-01-13T08:24:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/almatyda-qalyng-qardan-70-zhol-koelik-apaty-tirkeldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.