---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/aenshi-aqbota-kerimbekova-shymkentte-qyzmetke-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әнші Ақбота Керімбекова Шымкентте қызметке тағайындалды

![Әнші Ақбота Керімбекова Шымкентте қызметке тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/d3644b2761d0a7e1059fdd97a599bd90.jpg)

**Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ****Qazaqpress.**

Керімбекованың тағайындалғаны туралы әншінің құрбысы Индира Елубаева Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

> «Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке, бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі — мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла!», — деп жазды құрбысы.

---

Жарияланды: 2021-01-13T05:49:51+06:00

Жаңартылды: 2021-01-13T05:49:51+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/13/aenshi-aqbota-kerimbekova-shymkentte-qyzmetke-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.