---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/12/nur-sultanda-qosymsha-shektew-sharalary-engizilwi-muemkin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін

![Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_76811.jpeg)

**Нұр-Сұлтанда қосымша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды****Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Қаңтардың алғашқы онкүндігінде елорда «сары» және «қызыл» аймақтардың шекарасында тұр. Жаңа жылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең аяқталғанын ескере отырып, коронавирус жұқтырған науқастар саны артып жатыр.

> «Қазір қала «сары аймақта» орналасқанына қарамастан сырқаттанушылық санының өсуі байқалады. Бұл, бір жағынан, COVID-19 инфекциясына тест тапсыратын адам санының екі есе өсуіне, ал екінші жағынан қала тұрғындарының мерекелік жаңа жыл күндерінде шектеу шараларын сақтамауына байланысты.
> 
> 
> 
> 
> Сондай-ақ айрықша атап өтерлігі дәрігерлерге өздігінен қаралатын халықтың үлесі артып келеді. Бұл тұрғындардың жауапкершілігі жоғары екенін және коронавирус инфекциясының салдарына алаңдайтынын көрсетеді. Өз бетімен ем-дом қолдануға болмайды. Өзін, туыстарын және айналасын қорғау үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтап, маска тағу қажет», — деді елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова.

Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова науқастар саны өсуі жалғасқан жағдайда қосымша шектеу шаралары қабылданатынын айтты.

---

Жарияланды: 2021-01-12T16:53:11+06:00

Жаңартылды: 2021-01-12T16:53:11+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/12/nur-sultanda-qosymsha-shektew-sharalary-engizilwi-muemkin/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.