---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/11/sqo-nyng-bas-sanitarlyq-daerigeri-zhangadan-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# СҚО-ның бас санитарлық дәрігері жаңадан тағайындалды

![СҚО-ның бас санитарлық дәрігері жаңадан тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/2021011117555699812_2021011117533213843_14-sko.jpg)

**Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпарат ХАА-ға сілтеме жасап.**

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 39 жастағы Әсет Жұматаев осы тағайындауға дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімін басқарған. Жұматаев Қарағанды ​​мемлекеттік медицина академиясын профилактикалық медицина мамандығы бойынша бітірді.

2007-2019 жылдары Аққайың ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, санитарлық-гигиеналық бөлімінің бастығы және сол ауданның қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Бұрын Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы міндетін атқарушы болған Арман Күшбасов сол департамент бастығының орынбасары қызметіне ауысты.

---

Жарияланды: 2021-01-11T17:10:28+06:00

Жаңартылды: 2021-01-11T17:10:28+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/11/sqo-nyng-bas-sanitarlyq-daerigeri-zhangadan-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.