Сайлаудың алдын ала қорытындысы: Мәжіліске үш партия өтті

Сайлаудың алдын ала қорытындысы: Мәжіліске үш партия өтті

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке  сілтеме жасап.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы:

Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) — 9,10 пайыз дауыс;
Nur Otan партиясы — 71,09 пайыз дауыс;
«Ауыл» партиясы — 5,29 пайыз дауыс;
«Ақ жол» партиясы — 10,95 пайыз дауыс;
ADAL саяси партиясы — 3,57 пайыз дауыс.

Қорытынды нәтиже аймақтық сайлау учаскелерінің қорытындысынан кейін белгілі болады.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.