---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/11/qazaqstandyq-oqwshylar-ueshinshi-toqsandy-aer-waqytta-bastajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанды әр уақытта бастайды

![Қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанды әр уақытта бастайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/334e65f189bdac86d52208413371c117.png)

**Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті үшінші тоқсандағы оқу процесінің басталу уақытын айтты, деп хабарлайды** **Qazaqpress Tengrinews.kz****-ке сілтеме жасап. **

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауының өтуіне байланысты білім беру нысандары сайлау учаскелері ретінде тартылған.

Республикада сайлау учаскелері 7 090 мектептің 5 522-інде; 6 651 мектепке дейінгі балалар ұйымының 143-інде; 644 орта оқу орындарының 215-інде; 125 жоғары орта оқу орындарының 53-інде, 22 мектеп-интернатың, спорт мектебінің, 114 ЖОО жатақханасының базасында, сондай-ақ 12 сайлау учаскесі басқа білім беру объектілерінде (оқушылар сарайы, шығармашылық үйі, музыка мектептері) орналасты.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10 және 11 қаңтарында дауыс беру өткізілген ғимараттарды дезинфекциялау жүргізіледі.

> «Осыған байланысты, 10 қаңтарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін 2020-2021 оқу жылының 3 тоқсаны оффлайн режимде еліміздің алты өңірінде — Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Шымкентте 11 қаңтарда басталады», — деп хабарлады комитеттегілер.

Республиканың 11 өңірінде – Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында оқу 12 қаңтарда басталады.

---

Жарияланды: 2021-01-10T19:24:44+06:00

Жаңартылды: 2021-01-10T19:24:44+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/11/qazaqstandyq-oqwshylar-ueshinshi-toqsandy-aer-waqytta-bastajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.