---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/11/qazaqstanda-kinoteatrlardyng-30-zhabylghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда кинотеатрлардың 30% жабылған

![Қазақстанда кинотеатрлардың 30% жабылған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_76641.jpeg)

**Еліміздегі кинотеатрлар қайта жабылуы мүмкін**, **деп хабарлайды Qazaqpress 24.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Отандық кинотеатрлар қанатын кеңге жаймастан, тағы 3-5 айға есігін жабуға мәжбүр. Биылғы Жаңа жыл мерекесі сала үшін әдеттегідей табысты болған жоқ. Репертуар бай емес, көрермен саны да бұрынғыдан анағұрлым аз. Киногерлер де өнімін жарыққа шығаруға асығар емес. Кіріс түспей қала ма деп қорқады. Биыл 15-ке тарта отандық фильм түсірілген екен. Шетелдік туындылар да күзде ғана көпшілікке ұсынылмақ. Бір сөзбен айтқанда, кино жоқ. Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудинаның айтуынша, кинозалдағы көрермен санын 50 процентке жеткізсе, премьералар да көбейер еді. Қазір елдегі кинотеатрлардың 70 проценті ғана жұмыс істеп тұр. Қалғаны нарықтан мүлде кеткен, — делінеді 24.kz таратқан ақпарда.

---

Жарияланды: 2021-01-11T10:25:52+06:00

Жаңартылды: 2021-01-11T10:25:52+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/11/qazaqstanda-kinoteatrlardyng-30-zhabylghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.