---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/09/uesh-adam-zardap-shekti-aqtawdaghy-koelik-apaty-videogha-tuesip-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үш адам зардап шекті: Ақтаудағы көлік апаты видеоға түсіп қалды

![Үш адам зардап шекті: Ақтаудағы көлік апаты видеоға түсіп қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/1610166147.jpg)

**Ақтауда екі көлік соқтығысып қалды****, деп хабарлайды****Qazaqpress Lada.kz-****ке сілтеме жасап.**

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жол-көлік апаты 8 қаңтар күні орын алған.

Audi B4 және Toyota 4Runner көліктері «Шығыс-1» және «Шығыс-2» шағын аудандары арасында соқтығысты. Audi B4 көлігінің жүргізушісі екіншісіне жол бермеген.

Көліктердің соқтығысу сәті видеоға түсіп қалған.

> «Үш адам жарақат алды. Олар Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Апат фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы бойынша хаттама жасалды», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2021-01-09T15:57:55+06:00

Жаңартылды: 2021-01-09T15:57:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/09/uesh-adam-zardap-shekti-aqtawdaghy-koelik-apaty-videogha-tuesip-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.