---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/09/qazaqstanda-tynyshtyq-kueni-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда тыныштық күні жарияланды

![Қазақстанда тыныштық күні жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/ca-portal.ru_.jpg)

**Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қарсаңында 9 қаңтар тыныштық күні деп жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бүгін кез келген үгіт-насихат заңсыз саналады.

Тыныштық күні — дауыс беруге дейінгі күн, бұл кезде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге болмайды. Кез келген насихат кандидат немесе сайлау бірлестігі үшін зиян тигізеді.

2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихат сайлауына бес саяси партия жіберілді. Олардан 312 кандидат дауысқа түседі. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне партиялардың атауы бұрын жеребе арқылы айқындалған тәртіппен енгізіледі.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау 10 қаңтарда сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

---

Жарияланды: 2021-01-09T08:23:34+06:00

Жаңартылды: 2021-01-09T08:23:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/09/qazaqstanda-tynyshtyq-kueni-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.