---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/09/buzaqylyq-zhasaghan-kuedikti-15-minwt-ishinde-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бұзақылық жасаған күдікті 15 минут ішінде ұсталды

![Бұзақылық жасаған күдікті 15 минут ішінде ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/whatsapp-image-2021-01-08-at-211525.jpeg)

**Талдықорған полицейлері бұзақылық жасаған күдіктіні 15 минут ішінде ұстады, деп хабарлайды** **Qazaqpress****Polisia.kz****—****ке сілтеме жасап.**

2021 жылдың 6 қаңтарында Талдықорған қаласы ПБ кезекші бөліміне сағат 13.15 шамасында Еркін ауылының 44 жастағы тұрғыны ұрып-соғу дерегі жайында арызданған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Дереу бағдарланған «Бүркіт-152» патрульдік полициясының экипажы 15 минут ішінде Талдықорған қаласы Өтенай ауылының 31 жастағы тұрғыны болып табылатын, қылмыс орнынан қашып кеткен ер адамды ұстады.

Ұсталған адам жәбірленушіні ұрып-соққанын мойындады және жәбірленушінің аяғын алып тастау туралы ескертуге дұрыс жауап қайтармағанын жеткізді. Енді ашуға бой алдырған азамат өз әрекеттері үшін сотта жауап беретін болады.

---

Жарияланды: 2021-01-09T16:05:36+06:00

Жаңартылды: 2021-01-09T16:05:36+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/09/buzaqylyq-zhasaghan-kuedikti-15-minwt-ishinde-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.