қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылуы мүмкін

Агзам Текенов by Агзам Текенов
Қаңтар 8, 2021
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап кинотеатрлар жабылуы мүмкін

Қазақстандық кинотеатрлардың бір бөлігі жалға берілетін фильмдер болмауына байланысты жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Байланысты

Ақтауда Валерия Шалнованың ісіне қатысты мән-жай айтылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан санкциялық текетіресті кері нәтиже деп санайды

Қазақстанның 5 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Бұл туралы Қазақстан Кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде жалпы 70-ке жуық кинотеатр жұмыс істейді, олардың 32-сі қауымдастыққа кіреді. Бірлестікте кинотеатрларды жабу мәселесі талқыланды. Бұл бастаманың себебі Голливуд және отандық кино премьераларының кейінге қалуы болды.

«Голливудтың көптеген студиясы осы қыс-көктемге жоспарланған фильм премьераларын жалғасып жатқан пандемияға байланысты 2021 жылдың күзіне шегерді. Сондықтан, қазіргі уақытта жақын арада көрсететін ештеңе болмайтын жағдай қалыптасып жатыр. Себебі қазақстандық продюсерлер де өз картиналарының премьераларын кейінге шегеріп тастады», – деп атап өтті ол.

Ягудина прокатта негізінен Ресейден келген фильмдер қалатынын, алайда қазақстандықтар тарапынан оларға деген сұраныс бұрынғыдай зор емес екенін айтты.

«Біздің ресейлік көршілеріміз кино түсіріп, оны көрсетуге қуана-қуана келісіп отыр. Бірақ, амал не, біздің қазақстандық көрермен ресейлік киноны көруге аса құлшынысы жоқ. Ресейлік әріптестер бізге өз фильмдерін жалға беруге қуана келісіп отыр. Бірақ ресейлік кино бұрынғыдай танымал емес», – деді қауымдастық президенті.

Ол қазіргі уақытта 16 қазақстандық картина прокатқа шығаруға дайын екенін мәлімдеді.

«Қазақстандық фильмдер көрерменнің зор сұранысқа ие. Сөреде жатқан фильм көп, бірақ продюсерлер оны көрсеткісі жоқ. Бұған дейін кинотеатрлар ашылғаннан кейін қазақстандық үш фильмді көрсеттік. Олар прокатта жақсы өтті және жақсы касса жинай білді. Бірақ қазір осындай жағымсыз жағдай қалыптасып отыр», – деді Мунира Ягудина.

Қауымдастық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта кинотеатрларды 1 ақпаннан бастап үш айлық мерзімге жабу мәселесі талқыланып жатыр.

«Бұрын Голливуд киносы қазақстандық киноға үлкен касса жинауға мүмкіндік бермейді деген әңгімелер жиі болатын. Қазір голливудтық кино жоқ, ал біздікілер өз киносын прокатқа шығарғысы келмейді. Әрине, егер толымдылық шегі 50 пайызға дейін ұлғайып, қазақстандық продюсерлер бізге кино беретін болса, бұл әңгіме болмас та еді. Барлық кинотеатрлар жабылған пандемия кезде бізден ешкім жалдау ақысын сұрамады. Бірақ қазір біз жұмыс форматы өзгергенімен, ашылдық. Алайда, біз жалақы, коммуналдық қызмет, жалдау бойынша міндеттемелерімізді орындауымыз керек. Егер фильмдер болмаса, онда төлейтін ештеңе болмайды», – деп қорытындылады Ягудина.

Мамыр айының басына Голливудтың кей фильмдерінің премьералары жоспарланған. Кинотеатр иелері осы уақытқа дейін жұмысты қайта бастауға болатын жеткілікті контент жиналады деп үміттенеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Айта кетейік, Қазақстан кинотеатрлары 2020 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істемеді. Олар тек 2020 жылдың қазан айының соңында ашыла бастаған еді. Осы уақыт ішінде мәдениет және спорт министрінің мәліметінше, кинотеатр иелері 20 миллиард теңгеге дейін шығынға батқан.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Әділ Қожихов «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясын басқаратын болды

Келесі жаңалық

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 843 адам жұқтырған

Агзам Текенов

Агзам Текенов

Байланысты жаңалықтар

Ақтауда Валерия Шалнованың ісіне қатысты мән-жай айтылды
Басты

Ақтауда Валерия Шалнованың ісіне қатысты мән-жай айтылды

Қазан 2, 2023
Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан санкциялық текетіресті кері нәтиже деп санайды

Қыркүйек 29, 2023
Қазақстанның 5 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады
Басты

Қазақстанның 5 қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады

Қыркүйек 28, 2023
Бұрынғы вице-министр және Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды
Басты

Бұрынғы вице-министр және Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Қыркүйек 27, 2023
Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Басты

Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Қыркүйек 26, 2023
Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болды
Басты

Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болды

Қыркүйек 25, 2023
Келесі жаңалық
Көкшетау мен Степногордың айналасындағы санитарлық постар алынады

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 843 адам жұқтырған

Ажар Ғиният: «Сайлау онлайн өтпейді»

Қазақстанда тыныштық күні жарияланды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Беттингтегі «Вилкилер»: букмекерлік кеңседен кепілді жеңісті күтуге болады ма?

Беттингтегі «Вилкилер»: букмекерлік кеңседен кепілді жеңісті күтуге болады ма?

Шілде 20, 2022
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар бойынша жаңа деректер жарияланды

Қаңтар 11, 2021
Карантин кезінде автобустардың толу деңгейін Нұр-Сұлтан әкімдігі бақылайды? Адамдар олай ойламайды

Карантин кезінде автобустардың толу деңгейін Нұр-Сұлтан әкімдігі бақылайды? Адамдар олай ойламайды

Наурыз 12, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

    Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тарыдай шашылған: Әлемде қанша қазақ бар?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ЖСН арқылы тұрғын үйге кезекке тұру үшін не істеу керек: Нұсқаулық

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Atamekenim.kz сайтында өтініш берудің қадамдық нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Соңғы жазбалар

  • Қазақстандық жылжымайтын мүлік нарығы тоқтап қалудан шығуда – Freedom Finance Global
  • Алматылық педиатр балаларда болатын гепатит белгілері туралы айтты
  • Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды

Санаттар

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.