---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/08/nursultan-nazarbaev-adamdar-keshirimdi-mejirimdi-bolwy-kerek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрсұлтан Назарбаев: «Адамдар кешірімді, мейірімді болуы керек»

![Нұрсұлтан Назарбаев: «Адамдар кешірімді, мейірімді болуы керек»](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/15-12-2020_2-scaled.jpg)

**8 қаңтар күні «Хабар» арнасында ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі,****деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter-парақшасында жазды.

> «Хабар арнасында 8 қаңтарда сағат 21.45-те «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі. Фильмнің үшінші сериясында саясатқа қатысты сұрақтар аз болады. Көбінесе Елбасының жеке өмірі және бұрын белгісіз болып келген дүниелер айтылады», — деп жазды Айдос Үкібай.

«Адамдар кешірімді, мейірімді болып, бір-біріне қол ұшын созуы керек», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев деректі фильмнің видео-анонсында. Сондай-ақ Елбасы өмірден өткен жиені туралы да айтады.

---

Жарияланды: 2021-01-08T04:39:47+06:00

Жаңартылды: 2021-01-08T04:39:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/08/nursultan-nazarbaev-adamdar-keshirimdi-mejirimdi-bolwy-kerek/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.