Нұрсұлтан Назарбаев: «Адамдар кешірімді, мейірімді болуы керек»

Нұрсұлтан Назарбаев: «Адамдар кешірімді, мейірімді болуы керек»

8 қаңтар күні «Хабар» арнасында ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі, деп хабарлайды Qazaqpress.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter-парақшасында жазды.

«Хабар арнасында 8 қаңтарда сағат 21.45-те «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі. Фильмнің үшінші сериясында саясатқа қатысты сұрақтар аз болады. Көбінесе Елбасының жеке өмірі және бұрын белгісіз болып келген дүниелер айтылады», — деп жазды Айдос Үкібай.

«Адамдар кешірімді, мейірімді болып, бір-біріне қол ұшын созуы керек», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев деректі фильмнің видео-анонсында. Сондай-ақ Елбасы өмірден өткен жиені туралы да айтады.