---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/07/qazaqstan-pasporty-aelemdik-rejtingide-70-orynda-tur/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан паспорты әлемдік рейтингіде 70-орында тұр

![Қазақстан паспорты әлемдік рейтингіде 70-орында тұр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/1577938811_2020010209350896443_4.jpg)

**Henley & Partners консалтингілік компаниясы жылдағы дәстүр бойынша саяхат үшін ыңғайлы әрі е****ң****тартымды паспорттар рейтингін жариялады, деп хабарлайды** **Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа** **сілтеме жасап****.**

Henley Passport Index рейтингі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) эксклюзивті мәліметтеріне негізделген. 199 елдің төлқұжаты мен 227 туристік бағытты қамтиды. Кез келген елде визалық саясаттың өзгертілуіне байланысты рейтинг жыл бойы жаңартылып отырады.

Төлқұжаттар рейтингінің алғашқы бестігінде Жапония, Сингапур, Германия, Оңтүстік Корея мен Финляндия тұр. Мәселен, Жапонияның паспортымен әлемнің 191 еліне саяхаттауға болады. Үздік төлқұжаттар қатарында сонымен қатар Италия, Люксембург, Испания, Австрия, Франция, Ирландия елдері бар. Тізімнің ең соңында Ирак пен Ауғанстан орналасқан.

Ал Қазақстан биылғы рейтингіде 70-ші орыннан көрінді. 70-ші орында сонымен қатар Беларусь пен Қытай тұр. Қазақстан мен аталған осы екі елдің азаматтары әлемнің 75 еліне ұшып бара алады екен.

---

Жарияланды: 2021-01-07T12:16:05+06:00

Жаңартылды: 2021-01-07T12:16:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/07/qazaqstan-pasporty-aelemdik-rejtingide-70-orynda-tur/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.