---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/07/qasym-zhomart-toqaev-pravoslav-hristiandaryn-rozhdestvo-merekesimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

![Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/b87dffd6c5feca943884dd487d080e4f-scaled.jpg)

**Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

**Қымбатты отандастар!**

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі.

Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.

Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз.

Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!

Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!

---

Жарияланды: 2021-01-07T03:12:49+06:00

Жаңартылды: 2021-01-07T03:12:49+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/07/qasym-zhomart-toqaev-pravoslav-hristiandaryn-rozhdestvo-merekesimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.