---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/07/nursultan-nazarbaev-rozhdestvo-ghasyrlar-bojy-tatwlyq-pen-izgilikting-simvoly-bolyp-keledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрсұлтан Назарбаев:  «Рождество ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің символы болып келеді»

![Нұрсұлтан Назарбаев:  «Рождество ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің символы болып келеді»](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/11/thumbs_b_c_42b3dcefc78adf7a48fcb4d77b900a2e.jpg)

**Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.**

**Қымбатты отандастар!**

Православ христиандарын және барлық қазақстандықтарды шуақты мереке – Рождествомен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам  ғасырлар бойы татулық пен ізгіліктің, сүйіспеншілік пен мейірімділіктің символы болып келеді. Оның өзегінде зор жасампаз күш, үміт пен үйлесім ұялап жатыр.

Қазақстанда атап өтілетін Рождество және басқа да діни мерекелер біздің өмірімізге оптимизм, рухани байлық, толеранттылық әкеледі. Осы күндері адамның жүрегі ең ізгі сезімдерге толып, мұқтаждарға көмектесуге, жақын жандарға қуаныш сыйлап, қамқорлық жасауға деген ықылас оянады.

Мәңгілік рухани құндылықтар біздің еліміздегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп отыр. Олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде.

Осы жарқын мерекеде баршаға баянды бақыт, игілік пен мықты денсаулық тілеймін!

---

Жарияланды: 2021-01-07T05:25:17+06:00

Жаңартылды: 2021-01-07T05:25:17+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/07/nursultan-nazarbaev-rozhdestvo-ghasyrlar-bojy-tatwlyq-pen-izgilikting-simvoly-bolyp-keledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.