---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/01/06/memleket-basshysy-baesekelestikti-qorghaw-zhaene-damytw-agenttigining-toeraghasy-serik-zhumangharindi-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады

![Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринді қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/0e9c3027aa054590dfd9d6a1139dff10-scaled.jpg)

**Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі бәсекелестікті дамытудың негізгі бағыттары мен аталған саланы жетілдіру жөнінде берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берілді****,****деп хабарлайды****Qazaqpress****Ақордаға сілтеме жасап.**

Серік Жұманғарин Президентке әртүрлі нарықтарда бәсекелестікті дамытуға кедергі болып отырған мәселелер туралы және Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның әзірленіп жатқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа заңнамадағы кейбір өзгерістер, атап айтқанда, мемлекет иелігінен шығару саясатына қатысты, мемлекеттік және жекеменшік операторларды реттеу тетіктері, сондай-ақ, бәсекелестік саласының дамуына нормативтік-құқықтық актілердің әсерін бағалауды енгізу жайында баяндалды.

Сала мамандарының кәсіби әлеуетін көтеру шеңберінде Президентке КАЗГЮУ Университетінің базасында «Бәсекелестік құқық» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының ашылғаны жөнінде айтылды.

Сонымен қатар, Серік Жұманғарин Мемлекет басшысына биылғы жылдан бастап елімізде ашық биржалық сауда басталатынын, оның мұнай өнімдері, көмір, электр энергиясы, сұйытылған газ және АӨК өнімдерін қамтитынын хабарлады.

Бұдан бөлек Президенттің тапсырмасы бойынша фармацевтика, газ салаларында жүргізіліп жатқан тексерулердің барысы, сондай-ақ, дәрі-дәрмек бағасын реттеудің жаңа тәсілдері туралы жан-жақты баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттік төрағасына биржалық сауданы дамытуға, ведомство жүргізіп жатқан тексерулерге, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті қорғау және дамытуға байланысты бірқатар тапсырма берді.

---

Жарияланды: 2021-01-06T06:38:55+06:00

Жаңартылды: 2021-01-06T06:38:55+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/01/06/memleket-basshysy-baesekelestikti-qorghaw-zhaene-damytw-agenttigining-toeraghasy-serik-zhumangharindi-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.